ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ А.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов А.Б. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 38
  • Жауаптар: 38
  • 28.09.2015
  • 30.09.2015
  • Аким Костанайской области

Муханов Мейрам Куантаевич 30.09.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Архимед Бегежан ұлы! Қызмет қайырлы болсын, енбекте табыс тілеймін. Бізді мазалап отырған Қостанай қаласы Плеханов көшесі. Көшеде жарық, жол мәселесі және электр (ағаш) бағандарымен қырықжамыт сымдары. Көктемде бүкіл батпақты тасып Баймағанбетов көшесіне апарып ластаймыз, кешкілік қараңғыда балаларымыздын оқуынан келгенде аман келгенін тілейміз. Электр кернеуі 220 В , көршілер сварка қосса, свет жыпылықтап светомузыка ойнайды. Осы мәселелер бойынша 2014 жылы өтініш жасағынымда, 2016 Плеханов көшесі бойынша смета жасалады,-деген. Сіздің іскерлігіңізге сеніп, осы мәселелер орындалады деп сенеміз.

Администратор 01.10.2015

Сәлеметсізбе Мейрам Қуантайұлы! Сіздің Плеханов көшесінің жай-күйіне қатысты өтінішіңізге айтарым, қала көшелерін күрделі жөндеуге 2015 жылға қосымша қаражат қарастырылмаған. Алайда, мердігер ұйым «АБЗ+» ЖШС Плеханов көшесін күтіп ұстау, яғни қоқыстан тазарту және қажеттілігіне қарай тегістеу сияқты жұмыстарын жүргізеді. Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жылдың соңына дейін осы көшеге техникалық зерттеу бойынша жұмысты жүргізеді, шығынның есебін жасап, 2016 жылы аталған көшеге жарықтандыру орнатуды қаржыландыру үшін бюджет өтінімін жолдайтын болады.