ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЗЫМБАЕВ Қ.А. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Павлодар облысының әкімі Бозымбаев Қ.А. интернет-конференция
- Сұрақтар: 13
- Жауаптар: 13
- 14.10.2015
- 15.10.2015
- Аким Павлодарской области
Айнур 14.10.2015, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе Қанат Алдабергенұлы! Мені 11.09.2015 жылы 20.01.2013 жылы туылған ұлымның балабақша кезегі бойынша кривенко 25, 409 кабинетіне шақыртқан еді, сол кезде менің тұрғылықты мекен жайым бойынша балабақша ұсынбады, ұсынған балабақшаларын жылдам оқып тез біреуін таңда немесе отказ жаз деп дөрекі сөйлесті, мен сасқанымнан № 25 балабақшаны таңдадым, енді ол балабақша менің үйімнен өте алыс, арада транспорт қатынамайды,жәнеде өзім жұмыста болғандықтан баланы сонша алыс жерге мен апара алмаймын, осы себепті 25 балабакшадан бас тартайын деп ойлағам. 15.09.2015 күні 25 балабақшаға барып отказной жазайын десем директоры мен отказды кабылдамаймын деп мені кривенко 25 жіберді, ал кривенко 25 мені қайтадан 25 балабақшаға жіберді. Мен баламен әрі бері жүре беретін жағдайым жоқ, осы жылы балабақшадан бас тартып, келесі жылы алуға болама? Сұрағым алдыңдағы кезегім сақтала ма? Егер мен келесі жылы тамыз айында үйдің қасындағы 12 балабақшадан орын алуға мүмкіндігім бар ма? Мен жалғыз басты анамын. Үлкен рахмет сізге!
Администратор 14.10.2015
Құрметті Айнұр! Сізге балабақшадан бас тарту үшін № 25 сәбилер бақшасы басшысының атына жазбаша өтініш жазып, 2013 жылғы 20 қаңтарда туылған баланы қайта кезекке қою қажет. Балабақшаға кезекке қою қызметі Үкіметтің egov.kz электронды порталы арқылы іске асырылады. Балабақшаға кезекке қою мемлекеттік қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында және Кривенко көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан білім беру бөлімінің 115 кабинетінде көрсетіледі. Сіздің балаңызға мемлекеттік балабақшадан орын 2016 жылғы жаз мезгілінде кезекке сәйкес беріледі.