АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҚСЫБЕКОВ Ә.Р. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Ә.Р. интернет-конференция
- Сұрақтар: 67
- Жауаптар: 61
- 22.10.2015
- 22.10.2015
- Аким города Астаны
мутлапова лаура даркабековна 22.10.2015, Сұрақ нөмірі:
Мен мемлекеттик кызметте 9 жыл жумыс жасап келемин, тургын уй алуга кезекке де турдым, жане жалгыз бастыана ретинде очередьке турдым Кашан кезегим келип тургын уй аламын, кезегим Кашан келеди?
Администратор 23.10.2015
Құрметті Лаура Даркабекқызы! Бар мәліметтер бойынша Сіз тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын әлсіз тобы тізімінде «толық емес отбасы» санаты бойынша 2013 жылғы 29 наурыздан бастап тұрсыз, бүгінгі күнде кезегіңіздің нөмірі – 10 854 екендігін хабарлаймын. Осыған байланысты коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй Сізге кезек реті келгеннен кейін берілетін болады.