ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 17
- 03.12.2015
- 03.12.2015
- Аким Южно-Казхстанской области
Али Нұркулов 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Бәкірұлы. Менің сұрағым: мемлекеттің жерін заңсыз иеленіп пайдаланғандарға қандай шара қолданылады?
Администратор 04.12.2015
Құрметті Али Нуркулов! Сіздің мемлекеттің жерін заңсыз иеленіп пайдаланғандарға қолданылатын шара жөніндегі сұрағыңызға айтарым, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, мемлекеттің жерін заңсыз иеленгендерге жеке тұлғаларға - жетпіс бес есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.