ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 03.12.2015
  • 03.12.2015
  • Аким Южно-Казхстанской области

Нурила 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы! Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, электронды түрде тұрғын үй кезегіне тіркелуге болады ма?

Администратор 04.12.2015

Құрметті Нурила ханым! Сіздің халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, электронды түрде тұрғын үй кезегіне тіркелу жөніндегі өтінішіңіз бойынша келесіні хабарлаймын. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес, өз атында соңғы бес жыл көлемінде меншік құқықтарында тұрғын үйі тіркелмесе, аудандық немесе қалалық мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алушылардың кезек тізіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылы 5 наурыздағы №185 Қаулысына сәйкес, өзіңіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз арқылы «Электронды үкімет» порталында (e-gov.kz) электронды қызметімен тіркелуіңізге болады.