ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 17
- 03.12.2015
- 03.12.2015
- Аким Южно-Казхстанской области
Сулейменов Сакен 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Біздің ауылда орналасқан медициналық бекетінде УЗИ аппараты қаралмаған. Сол себептен біздің тұрғындар аудандық орталыққа УЗИ өткізу үшін баруға мәжбұр. Осы мәселені қарап, бір жақты шешім қабылдауыңызды сұранамыз.
Администратор 04.12.2015
Құрметті Сулейменов Сакен! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық жүйені дамыту бағдарламасы бойынша ауылдық медициналық бекеттерде дәрігер штаты қаралмаған. Сол себептен УЗИ аппараты қоюға мүмкіндік жоқ. Бірақ, аудандық орталық емханасына эксперттік классты УЗИ аппараты орнатылған. Мамандармен толық қамтамасыз етіліп, оқытылған. Ол аппараттар толық зерттеуге арналған.