ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 17
- 03.12.2015
- 03.12.2015
- Аким Южно-Казхстанской области
Дарын Аргынов 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бейбіт Бәкірұлы. Облысымызда баспанаға мұқтаж азаматтардың саны өсіп келеді, басында баспанасы жоқ адамдарға пәтер жалдап тұруға көптің қалтасы көтере бермейді. Облысымыздың орталығынан бөлек, облыстық маңызы бар Кентау, Түркістан, Арыс, Сарыағаш, Жетісай, Ленгер, Шардара қалаларында тұрғын үй саласын дамыту мәселесі қандай деңгейжүргізіліп жатыр?
Администратор 04.12.2015
Құрметті Дарын Аргынов! Бүгінгі таңда облысымыздың аудан және қалаларында баспана алу кезегінде тұрған азаматтарды азайту мақсатында көп қабатты үйлерді құрылысы жүргізілуде. 2015 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен облысымызда 69 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 159,2 мың ш.м немесе 2947 пәтерді құрайды. Биылғы жылы Кезекте тұрғандар үшін 2357 пәтерді құрайтын 36 үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде: Арыс қаласында 5 қабатты 150 пәтерді құрайтын 2 үй, Кентау қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі 1 үй, Шардара қаласында 24 пәтерді құрайтын 1 үй, Жетісай қаласында 36 пәтерлі 1 үй, Шымкент қаласында тоғыз қабатты 31 үй. Шымкент қаласында жыл соңына дейін 2087 отбасына баспанамен қамту жоспарланып отыр. Ал 590 пәтерді құрайтын 32 үйдің құрылысы 2016 жылға өтпелі.