ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция
- Сұрақтар: 18
- Жауаптар: 17
- 03.12.2015
- 03.12.2015
- Аким Южно-Казхстанской области
Калымбек Шапағат Бердалықызы 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Б.Бәкірұлы! Сізбен тікелей байланыста тілдесіп отырғаныма қуаныштымын. Менің сұрағым облысымызда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қанша білім беру мекемелері салынуда, яғни құрлысы жүруде және олардың қаншауы мектепке дейінгі білім беру мекемесі, нешеуі мектеп?
Администратор 04.12.2015
Құрметті Шапағат Бердалықызы! Қазіргі таңда облысымызда «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жалпы саны 26 білім мекемелерінің құрылысы жүруде. Оның 3-еуі мектепке дейінгі білім беру мекемесінің құрылысы, 23-і орта білім беру мекемелерінің құрылысы, яғни мектептер.