АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция

  • Сұрақтар: 119
  • Жауаптар: 119
  • 29.12.2015
  • 29.12.2015
  • Аким города Алматы

Каратаев Ержан Муратулы 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Cәлеметсіз бе, Байбек Қыдырғалиұлы! Жақында мынадай оқиға болды. Қазақ тілінде сөйлейтін жас отбасы 6 жасар балаға қазақша метепке дайындық құралдарын сатып алмақ болған еді. Алайда, іздеу барысында, керек дүниені табу қиынға соқты. 2 апта бойы сауда-ойын орталықтарындағы кітап дүкендерінен қарап, қазақ тілінде оқу құралдарын таппадық, барлығы орыс тілінде. Сосын көк базардан қарауға тура келді. Көк базардың бір-екі дүкенін аралап, қажет оқу құралын сатып алдық. Неге біздің тамаша қаламызда қазақ тіліндегі материалдардың таралуы қолға алынбаған? Балаға керек оқу құраладрын ылғи да базардан іздеп жүру керек пе? Біздің мемлекетімізде, қазақ тіліндегі оқулықтар дәл орыс тіліндегі оқулықтардың деңгейінде болуы тиіс. Осы жағдайды қарастыруыңызды сұраймын.

Администратор 30.12.2015

Алматы қаласында 201 жалпы білім беретін ұйым бар. Оның 87-інде қазақ тілінде, 76-ында орыс тілінде оқытатын мектепалды дайындық сыныптары бар. Осы сыныптарда оқитын балалар тегін оқулықтармен қамтылған. Сонымен қатар, кітап сататын дүкендерде «Алматыкітап» баспасының мектепке дайындалу үшін қажетті қазақ тіліндегі оқу құралдары бар. Атап айтқанда, мектепалды дайындық кітаптарын төмендегі мекенжайдағы дүкендерден алуға болады: 1. «Әл-Фараби» дүкені - Әл-Фараби даңғылы, 63/17, Шашкин көшесінің киылысында. Тел. 3871724; 2. «Арман» дүкені – Бруно көшесі, 95, Төле би көшесінен жоғары. Тел. 3743442; 3. «Дастан» дүкені – Гоголь көшесі, 108, Сейфуллин көшесініңқиылысы. Тел. 2792913, 2792786; 4. «Дом книги» дүкені – Абай даңғылы, 35/37, Фурманов көшесінің қиылысы. Тел. 2671395, 2671486; 5. «Достық» дүкені – Қабанбай батыр көшесі, 109, Масанчи көшесінің қиылысы. Тел. 2675464, 2720566; 6. «Жалын» дүкені – Жандосов көшесі, 57, Береговой көшесінің қиылысы. Тел. 3037233, 3749859; 7. «На Майлина» дүкені – Майлин көшесі, 224 А. Тел. 3861519; 8. «На Фурманова» дүкені – Фурманов көшесі, 51, Мақатаев көшесінің қиылысы. Тел. 2735138.