ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 03.12.2015
  • 03.12.2015
  • Аким Южно-Казхстанской области

Ауыл ақсақалдары атынан Елшібек 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бейбіт Бәкірұлы! Елбасының салиқалы саясаты арқасында еліміз өркендеп, дамып келеді. Осы тұста ауыл ақсақалы ретінде Сіздің осы бағыттағы жұмыстарға қосар үлесіңіз зор екеніне сенемін. Мендегі көкейдегі бір сұрақ - Өзім Оңтүстік өңірінің киелі Қазығұрт ауданындағы Тұрбат елді мекенінде тұрамын. Тұрбатқа газ құбырын жүргізе бастағанда қуанышымыз көкіректі ұрып тұратын. Осыдан 2 жылға татиды, жұмыс аяғын табар емес. Бұл қалай болғаны?

Администратор 04.12.2015

Құрметті Елшібек мырза! Сіздің барлық сыни ескертпелеріңізді мен назарға алдым және ол бойынша тиісті жұмыс ұйымдастырылатын болады. Қазығұрт ауданы Тұрбат а/о Тұрбат Еңбек, Қызылдихан, Өңдіріс елді мекендерін газбен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы жобалау-сметалық құжататамасы әзірленіп, 2011 жылдың 7 ақпанында №19-0064/11 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Нысан құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылып 2012-2014 жылдар арлығында жүргізілді. Алайда, нысанның құрылысын жүргізген мердігер мекеме тарапынан бірқатар кемшіліктер орын алып жұмыстар толық аяқталмаған. Одан соң аталмыш мекемені Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына құрылыс жұмыстарын орындауды міндеттеу туралы 2015 жылы 19 наурызда №279 санды хатымен талап-арыз жолданған. Нәтижесінде 2015 жылғы 11 маусым күні №2-2460/15 Қазығұрт ауданы Тұрбат а/о Тұрбат, Еңбек, Қызылдихан, Өндіріс елді мекендеріндегі газ өткізгіш жүйелерінің құрылыс жұмыстарын орындауды міндеттеу туралы соттың шешімі шыққан. Осының негізінде бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Нысан құбырларын газ беруші мекеме «КазТрансгазАймақ» АҚ ӨФ-мен бірлесіп сығымдаудан өткізіп, газ жіберуге әзірлеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.