АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҚСЫБЕКОВ Ә.Р. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Ә.Р. интернет-конференция
- Сұрақтар: 67
- Жауаптар: 61
- 22.10.2015
- 22.10.2015
- Аким города Астаны
Маметов Ербол Абидинулы 22.10.2015, Сұрақ нөмірі:
Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен 2012 жылы «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы қабылданды. 2014 жылдың маусым айында Астана қаласында «Қолжетімді баспана 2020» жас отбасылар санаты бойынша мемлекеттік бағдарлама 672 пәтерге құжаттар қабылданды, қыркүйек айында Астана қаласындағы тұрғын үй басқармасындағы комиссиясының шешімімен 672 жас отбасы бағдарламадан өтті.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы №728 қаулысының 6 - бөліміне сәйкес «Әкімшілік құрылыстың біткеніне 6 - ай қалған кезде ақпарат құралдарында құжаттарды жинау жайлы жариялау керек». Алайда құжаттардың қабылданғанына 1 жыл 4 ай уақыт өтсе де қалған №23-31 жобалық атауларымен көше қиылысы мекенжайында орналасқан №4/1 және 8 тұрғын үйлеріндегі 224 екі бөлмелі пәтерлерге әлі құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, құжаттардың ұзақ уақыт дайындалуы мүмкін емес қой.
Бүгінгі күнде нарықтық заманда бір айлыққа балалармен пәтер жалдап тұру өте қиын. Мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйдің уақытылы берілмеуінен қалған жас отбасылар әлеуметтік қиындықтарға тап болуда.
Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы Сізден №23-31 жобалық атауларымен көше қиылысы мекенжайында орналасқан №4/1 және 8 тұрғын үйлеріндегі 224 екі бөлмелі пәтерлерді тездетіп жас отбасыларға берулеріңізді өтініп сұраймыз.
Құрметпенен, Астана қаласының жас отбасылар санатындағы тұрғындарының өкілі:
Маметов Ербол Абидинулы
Администратор 22.10.2015
Сіздің өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы шеңберіндегі өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймын. Бағдарлама аясында «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша 2015 жылғы 17 маусымдағы Астана қаласының әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы отырысының нәтижесі бойынша жиналған ұпайларға сәйкес (көбінен ең азына қарай) коммуналдық меншікке түскен 200 пәтер: бір бөлмелі – 116 пәтер, екі бөлмелі – 84 пәтер бөлінді. Бүгінгі таңда Тілендиев (Лот Б-8Б) көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенін әділет органында тіркеу жүзеге асырылуда, 72 екі бөлмелі пәтер алған ұпайларға сәйкес тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған жас отбасыларға бөлінетін болады. Қалған 224 екі бөлмелі пәтер Алматы ауданы, № 23 – 31 жобалық атауларымен көше қиылысы мекенжайында орналасқан № 4/1, 8 тұрғын үйлерден беріледі. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген нысандар бойынша Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды, сондай-ақ жер теліміне құқығын белгілейтін құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көрсетілген тұрғын үйді бөлу бойынша тұрғын үйді алған азаматтар туралы ақпарат «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ-нің uzh.astana.kz сайтында берілген.