АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҚСЫБЕКОВ Ә.Р. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Ә.Р. интернет-конференция
- Сұрақтар: 67
- Жауаптар: 61
- 22.10.2015
- 22.10.2015
- Аким города Астаны
Терискенбаева Жаннат Бекболатовна 22.10.2015, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізбе! Мен Астана қаласында екінші жыл тұрып келемін, бір ұл, бір қыз тәрбиелейміз. Жекеменшік колледжда мұғалім болып жұмыс жасаймын. Жолдасым 103 "Жедел жәрдемде" жүргізуші. Осы жолдасымның жұмысы бюджетный ұйымға жатады. Сол арқылы бізге үйге кезекке тұруға мүмкіндік бар ма? Екі жыл бойы пәтер жалдап тұрып келеміз. Басқа қандай жолдары бар үйге кезекке тұрудың Жолдасым екеуміз де 35 ке толмағанбыз. Рахмет.
Администратор 23.10.2015
Құрметті Жаннат Бекболатқызы! Сіздің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру жөніндегі өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймын. Астана қаласында Тұрғын үй кезегіне тұру үшін кемінде 3 жыл тұрақты тұру қажет. Сонымен қатар, Сіздің жолдасыңыз «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК-да жұмыс істейді. Заң бойынша коммуналдық кәсіпорындар бюджеттік ұйымға жатпайды.