ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰХАМБЕТОВ А.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов А.Б. интернет-конференция
- Сұрақтар: 38
- Жауаптар: 38
- 28.09.2015
- 30.09.2015
- Аким Костанайской области
Болатов Жайберген Арзымбетұлы 29.09.2015, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Архимед БегенұлыІ Сіздің біздің облысқа келуіңізбен бірталай қордаланып қалған проблемалар шешілер деген үміттеміз.Солардың бірі--облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының тым нашар жұмысы. Ондағылар тек бюджеттен бөлінген қаражатты бұқаралық ақпарат құралдарына бөліп берумен ғана айналысуда. Бұрынғы әкімнің тұсында облысымызды теріс жағынан көрсететін мақалалар республикалық басылымда қаптап кетті. Олардың ішінде субьективті, дұрыс тексерілмеген мәліметтер де жеткілікті еді. Оларға салиқалы да сараптамалық мақалалармен жауап қайтару деген мүлдем болмады. Жағымды материалдар жарық көрмеді. Ішкі саясат басқармасы журналистердің жұмысын үйлестіре алмады. Өйткені онда бірде-бір кәсіби журналист атымен жоқ.Соның салдарынан облысымыздың да, әкімнің де имиджі ақсап, рейтингісі түсіп кетті. Егер сол басқарманың жұмысын дұрыс жолға қоймаса жағдай тым мүшкіл. Барлық үміт өзіңізде. Менің байырғы журналист есебінде бұған қабырғам қайысады.
Администратор 30.09.2015
Құрметті ЖайбергенАрзымбетұлы! Сізге, Қостанай облысы журналистикасының ардагеріне, белсенді өмірлік ұстанымыңыз және өміріңіздің көптеген жылдары бойы өзіңіз жұмыс істеп келе жатқан өңірдің имиджіне қамқорлығыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің барлық сыни ескертпелеріңізді мен назарға алдым және ол бойынша тиісті жұмыс ұйымдастырылатын болады. Мемлекеттік органның қайсыбір басшысының қызметі туралы қандай да бір қорытынды жасау үшін менің алдымен өңірдің проблемаларына қанығуым, халықпен және экономиканың жетекші саласының мамандарымен етене танысуым қажет. Біздің алдымызда егін жинауды аяқтау, алда тұрған қысқы жылу беру маусымына дайындалу міндеті тұр, сондықтан облыс басшылығының жұмысы толып жатыр. Сонымен қатар, кез келген дәрежедегі әрбір басшының борышы үлкен өмірлік тәжірибесі бар ақылгөй ақсақалдардың ой-пікіріне назар аудару деп санаймын, өйткені біздің барлық бастамаларымыздың табыстылығы олардың қолдауы мен түсіністігіне байланысты.