ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АТАМКУЛОВ Б.Б. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Б.А. интернет-конференция

  • Сұрақтар: 18
  • Жауаптар: 17
  • 03.12.2015
  • 03.12.2015
  • Аким Южно-Казхстанской области

Конысова Акмарал 03.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бейбіт Бәкірұлы! Менің жас балаларым бар. Олардың жасы 3 және 5-те. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды орналастыру, (жолдама беру) тәртібі қалай жүргізіледі?

Администратор 04.12.2015

Құрметті Акмарал ханым! Сұрағыңыз өте орынды. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру Қазақстан Республикасы 2015 жылғы «07» сәуірдегі №172 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесінің 11 тармағына сәйкес балаларды мектепке дейінгі ұйымға тұрақты және уақытша орналастыруға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі. Ата-ана баласын балабақшаға орналастыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш тастайды. Өтініштерді тіркейді. Тапсырылған өтініш толық зерделеніп, мектепке дейінгі мекемелеріне комплектілеу комиссиясына ұсынылатын болады. • Бірінші кезекті орынды алуға мыналар құқылы: 1) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары; 2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; 3) жетім балалар; 4) көп балалы отбасылардан шыққан балалар; 5) әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары; 6) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның iшiнде қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары. • Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) өтініш (еркін нысанда); 2) аудандық, қалалық білім бөлімдері, ауылдық жерлерде әкімдіктің берген жолдамасы; 3) ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқа және көшірме); 4) баланың денсаулық паспорты; 5) баланың денсаулығы туралы анықтама.