АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАҚСЫБЕКОВ Ә.Р. ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Ә.Р. интернет-конференция
- Сұрақтар: 67
- Жауаптар: 61
- 22.10.2015
- 22.10.2015
- Аким города Астаны
Оразбай Б.О. 22.10.2015, Сұрақ нөмірі:
Сізге мәлімет үшін Сарыарқа ауданының 189 көшесі 12/2,12/3,12/1 ЖШС Тұрмыс 2012 жылдан бастап қызмет көрсетуде,сапасы өте нашар өз міндетеріне немқұрайлық қарайды атап айтсақ үш үйдін домофондарына жұмыс істемегеніне бір жыл болды.үйдің кіреберіс есіктері жабылмайды және үйдін астынғы бөліктеріндегі есіктер үнемі ашық бүгінгі күні ол жер үйі жоқ адамдарды мекеніне айналды.
Үйдін сыртқы жақтағы көлік жүруге тиым салынған жерлерді бұзып бүгінгі күні ол жерден көрші саяжайдын барлық көліктері қатты жылдамдықпен жүріп адам өміріне қатер тудыруда.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отыра жақын арада шешуіне ықпалдасуыңзды сұраймын.
Құрметпен Б.Оразбай
Администратор 23.10.2015
Интернет-конференцияға қатысқаныңыз үшін рахмет! Сіздің «Тұрмыс» ЖШС қызмет көрсету ұйымының жұмысымен қанағаттанбағанына қатысты өтінішіңізді қарастырып келесіні хабарлаймыз. Бүгінгі таңда 189 көшесі бойында орналасқан 12/2,12/1 тұрғын үйлерде домофон жүйесіне қызмет көрсету бойынша домофон сервистік ұйым тартылды. Тек 189 көшеде орналасқан12/3 тұрғын үйде кіребірстегі есік ауыстырылуда. Сонымен қатар, Сіздің өтінішіңізде аталған мәселелер ескерілгенін және мәселені тұрақты бақылауға алынғанын хабарлаймын.