АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

«Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол- болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» атты Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттарын іске асыру барысы туралы» АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БАЙБЕК БАУЫРЖАН ҚЫДЫРҒАЛИҰЛЫ интернет-конференция

  • Сұрақтар: 119
  • Жауаптар: 119
  • 29.12.2015
  • 29.12.2015
  • Аким города Алматы

Өмір Ануарбек 29.12.2015, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті, Бауыржан Қыдырғалиұлы. Мен Алматы қаласы, Құлагер ықшамауданының тұрғынымын. Сізден біздің аудандағы қоғамдық көлік мәселесін шешуді өтініп сұраймын. Себебі, орталыққа қатынайтын №123 автобус Құлагерге сонау Көкжиек және Айнабұлақ арқылы келеді. Құлагерге жеткенде автобусқа міну мүмкін емес, іші жолаушыға лық толы. Мұндай жағдай №56 және №17 автобустарға да қатысты. Ал, ең сорақысы өзім қатынайтын №123, №56 автобустар кешкі 8-ден кейін жүрісін тоқтатады. Қаншама халық оларды суық күнде дірдек қағып, аялдамада сағаттап тосады. Бірақ, аталмыш қоғамдық көліктер кешкі 8-ден кейін Құлагерге қарай жүрмейді. Қаншама рет арызданып, автобус паркінің басшылығына шағысмдандық. Бірақ, еш нәтиже жоқ. Осы мәселені шешуіңізді барша тұрғындар атынан сұраймын.

Администратор 30.12.2015

Құлагер шағын ауданынан қосымша маршруттар ұйымдастыру мәселесі маршрут желісін оңтайландыру тұжырымдамасының шегінде қарастырылатын болады.