Атырау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың қатысуымен өтетін Еңбек заңнамасының сақталуы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне түсіндірме жөніндегі интернет-конференция.
Атырау облысының әкімі Н.А.Ноғаевпен өтетін еңбек қатынастары заңнамасы, жасақталған еңбек шарттары, жұмыс берушінің жұмыскерді еңбек шартынсыз жұмысқа қосуы, еңбек шартының заңсыз бұзылуы, қызметкерлерді мерзімнен тыс жұмыстарға тарту, қызметкерлерге тиісті жалақының кешіктіріліп төленуі туралы интернет-конференция.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 30.11.2016, 08:30
- 01.12.2016, 08:30
- Еңбек қатынастарын бақылау бөлімі
Керимжанов Багдаулет 28.11.2016, 11:01, Сұрақ нөмірі: 6879
Ассаламалейкум! Жұмысқа орналасқан уақытта жұмыс беруші мен жұмысқа тұрушы арасында еңбек шарты жасалады, қазіргі уақытта жеке меншік мекемелер еңбек шартын жасасқан уақытта ауырып қалған жағдайда, еңбекке жарамсыздығына байланысты (больничный лист) және жылына бір рет берілетін ақылы еңбек демалысын төлемейтіндіктері көрсетіп, еңбек шартын өздеріне тиімді етіп жасайды жұмыс іздеп табалмай жүрген азамматтар келісуге мәжбүр, Қазақстан Республикасы Конститутциясының 24-баб 4-тармағында жыл сайын демалуға құқы барлығы көрсетілген. Өздеріне ыңғайластырып жасаған жеке меншік мекемелердікі дұрыс па? осы жөнінде нақты жауап берсеңіз. алдын ала рахмет
Атырау облысы 04.December.2016, 11:57
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 87 бабының 1 тармағына сай, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін және әлеуметтік демалыстар берілетіні көзделген. Еңбек Кодексінің 88 бабына сәйкес - Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. Еңбек Кодексінің 24 бабына сай, Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Ал, жұмыс беруші тарапынан қандай да бір заңбұзушылық орын алған жағдайда, Сіз облыстық Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасына немесе сот органдарына жүгінуге құқылы екендігіңіз түсіндіріледі.