ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Ж.Қ.ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан Облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының Оңтүстік Қазақстан облысында асырылуы»
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 13
- 05.12.2016
- 07.12.2016
- Түркістан облысы әкімдігі
Джумагулова Газиза 06.12.2016, 16:13, Сұрақ нөмірі: 6898
Құрметті әкім мырза! Бағдарлама аясында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың сапасы қалай?
Түркістан облысы 06.December.2016, 16:15
Құрметті Джумагулова Газиза! Бүгінгі таңда құрылысы жүріп жатқан нысандардың сапасы өткен жылдармен салыстырғанда жақсарып келеді. Құрылыстың барысы мен сапасы тапсырыс беруші, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармалары мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.А. Сатыбалды тарапынан қатаң бақылануда.