ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Ж.Қ.ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан Облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының Оңтүстік Қазақстан облысында асырылуы»

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 13
  • 05.12.2016
  • 07.12.2016
  • Түркістан облысы әкімдігі

Рахматуллаева Дина 06.12.2016, 16:16, Сұрақ нөмірі: 6899

  • 0

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы! Облысымызға Ұлттық қор есебінен коммуналдық салаға беріліп жатқан қаржылар туралы не айтасыз?

Түркістан облысы 06.December.2016, 16:18

Қайырлы күн, Дина ханым. Ұлттық қор есебінен, негізінен, ауыз су, канализация, жылу нысандарын қайта құруға қаржы 20 жылға несиеге беріледі. Оның алғашқы 6 жылында жеңілдік беріледі. Яғни, берілген қаржыдан 0,01% өтеу қаралған. Қалған 14 жыл аралығында қаржыларды бюджет есебінен қайтару жоспарланған. Ағымдағы жылы, мысалы жылумен қамтамасыз ету саласында «Нұрлы жол» бағдарламасымен Шымкент қаласындағы 8,6 шақырым магистральді жылу құбырларын қайта құруға 1,5 млрд.теңге қаржы қаралып, толық игерілді.