ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Ж.Қ.ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан Облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының Оңтүстік Қазақстан облысында асырылуы»
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 13
- 05.12.2016
- 07.12.2016
- Түркістан облысы әкімдігі
Орманов Талгат 06.12.2016, 16:19, Сұрақ нөмірі: 6900
Әкім мырза! Қандай жағдайда кәсіпкерлік нысанға қажетті электр, табиғи газ және ауыз су жүйелерін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тартуға болады?
Түркістан облысы 06.December.2016, 16:20
Құрметті Талғат Орманов! Өзіңізге қажетті инфрақұрылым жүйелерінің (электр, газ және ауыз су) құрылысына аудан, қала әкімдігімен бірлесе отырып жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп, аудан қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімдеріне құжаттарды тапсыру қажет. Ары қарай, бөлім жобаны Өңірлік үйлестіру кеңесіне шығарып, оң қорытындысын алулары тиіс.