ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Ж.Қ.ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Оңтүстік Қазақстан Облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының Оңтүстік Қазақстан облысында асырылуы»

  • Сұрақтар: 11
  • Жауаптар: 13
  • 05.12.2016
  • 07.12.2016
  • Түркістан облысы әкімдігі

Жумашбеков Баглан 06.12.2016, 16:21, Сұрақ нөмірі: 6901

  • 0

Құрметті, облыс әкімі, «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Шымкент қаласындағы шағын аудандарын кәріз (канализация) жүйелерімен қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

Түркістан облысы 06.December.2016, 16:22

Қайрылы күн, Баглан! Бүгінгі таңда, Шымкент қаласындағы Қайтпас-1, Солтүстік–Батыс, Самал-1, Самал-2 шағын ауданындағы канализация жүйелерінің жобасы әзірленіп, жалпы құны –3 305 963,0 мың теңгені құрап отыр. 2016 жылы бағдарлама аясында 3,2 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 209,3 шақырым кәріз құбырлары тартылып, үстіміздегі жылдың желтоқсанында жоғарыда аталған мөлтек аудандардағы тұрғындар кәріз жүйелеріне қосылатын болады.