ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Ж.Қ.ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕГІ ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Оңтүстік Қазақстан Облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың қатысуымен өтетін «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының Оңтүстік Қазақстан облысында асырылуы»
- Сұрақтар: 11
- Жауаптар: 13
- 05.12.2016
- 07.12.2016
- Түркістан облысы әкімдігі
Жунусова Раушан 06.12.2016, 16:25, Сұрақ нөмірі: 6902
Қадірлі Жансейіт мырза! Мен, ОҚО, Сайрам ауданы Қарасу елді мекенінде тұрамын. Бізде ауыз су мәселесі өзекті. Өркениеті дамыған заманда бізге таза ауыз су кестемен беріледі. Қашан 24 сағат сумен қамтамасыз етілетін боламыз?
Түркістан облысы 06.December.2016, 16:26
Қайырлы күн, Жунусова Раушан! Қарасу елді мекенін үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, бүгінгі таңда аталған елді мекеннің су тораптарының құрылысы бойынша жоба әзірленген. Жалпы құны – 1,0 млрд.теңге. 2016-2017 жылдарға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталады. Жобада 160 шақырым су құбырлары тартылып, нәтижесінде 17200 халық ауыз су жүйелерімен қамтамасыз етілетін болады.