ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ С АКИМОМ ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ТУЙМЕБАЕВЫМ Ж.К. О ХОДЕ РЕАЛИЗАЦИИ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН НАЗАРБАЕВА Н.А. НАРОДУ КАЗАХСТАНА

Интернет-конференция с акимом Южно-Казахстанской области Туймебаевым Ж.К. «о ходе реализации Послания Президента Республики Казахстан Назарбаева Н.А. народу Казахстана реализация государственной программы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» в ЮКО

  • Вопросы: 11
  • Ответы: 13
  • 05.12.2016
  • 07.12.2016
  • Акимат Туркестанской области

Абдикулова Ляззат 06.12.2016, 16:29, Номер вопроса: 6904

  • 0

Құрметті Жансейіт мырза! «Нұрлы жол» бағдарламасының Оңтүстікке пайдасы қандай? Жалпы, бағдарлама жайлы толық түсіндіре кетсеңіз.

Туркестанская область 06.December.2016, 16:30

Құрметті Абдикулова Ляззат! «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді. Бағдарлама Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруға, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында экономиканың жекелеген секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған. Өңірлердің ішінде бағдарлама шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысына осы жылы 45 нысанның құрылысын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 23,5 млрд.теңге бөлінді. Аталған құрылыс жұмыстарын 5 бағытқа бөліп айтатын болсақ, бірінші бағыт бойынша, 27 білім беру нысанының құрылысы жүрсе, екінші бағыт негізінде 5 нысанды салу көзделген. Бұл, Шымкент қаласындағы кәріз, су және жылу жүйелерінің құрылысы. Үшінші, яғни инженерлік-коммуникацияларының құрылысы бағыты бойынша 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Төртінші бағыт – «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту. Бесінші бағыт бойынша, яғни «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласында еңбекші жастарға арналған жатақхананың құрылысы жүргізіледі. Жоғарыда аталған нысандар пайдалануға берілгенде өңіріміздегі бірқатар әлеуметтік нысандардың мәселесі шешілетін болады. Бұл дағдарыс кезеңінде Оңтүстік өңірінің әл-ауқатын көтеруге жасалған үлкен көмек деп есептеймін.