Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың қатысуымен өтетін «Тәуелсіздік жемісі: Алматы облысының жетістіктері» тақырыбындағы интернет-конференция
Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың қатысуымен өтетін Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының барлық салалары бойынша жеткен жетістіктері бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 21.12.2016, 09:00
- 21.12.2016, 18:00
- Алматы облысының әкімшілігі
Казбанбетова Айгерим 21.12.2016, 16:23, Сұрақ нөмірі: 6929
Инфрақұрылымды дамыту бағытында келесі жылы қандай ірі жобалар жүзеге асыру жоспарланып отыр? ...
Алматы облысы 21.December.2016, 16:56
Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде облыс аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 304 шақырымдық «Алматы - Қорғас» учаскесінің, 245 шақырымдық «Алматы - Талдықорған» автожолының жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Жыл соңына дейін «Алматы - Талдықорған» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталады. Қазіргі кезде Талдықорған қаласында бірінші кезектегі газ тарату желісінің, Ақши мен Балпық би ауылдарында АГТС құрылыстары жүріп жатыр. Бұл жоба облыстың 3 қаласы мен 7 ауданын газбен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыстың 98 елді мекеніне көгілдір отын жеткізілген, газбен қамту деңгейі 21 % құрайды. Талдықорған қаласындағы әуежайдың жаңғырту жұмыстары аяқталды. Туристерді Алакөл көлінің жағалауына жеткізу үшін Үшарал қаласында әуежай құрылысы басталды. 2017 жылы «Талдықорған - Үшарал», «Үшарал - Достық» бағытындағы автожолдарды жаңғырту жұмыстары басталады.