Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың қатысуымен өтетін «Тәуелсіздік жемісі: Алматы облысының жетістіктері» тақырыбындағы интернет-конференция

Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың қатысуымен өтетін Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының барлық салалары бойынша жеткен жетістіктері бойынша интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 21.12.2016, 09:00
  • 21.12.2016, 18:00
  • Алматы облысының әкімшілігі

Кыдыркожаева Макпал 21.12.2016, 16:54, Сұрақ нөмірі: 6930

  • 0

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай біздің облыста "25 жұлдызды күн" деген акция өтетінін БАҚ арқылы оқып білдім. Осы күндерде халыққа пайдасы тиетін нақты шаралар атқарылды ма?

Алматы облысы 21.December.2016, 17:10

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» акциясын белгілеп, соның аясында көптеген шаралар белгіледік. «25 жұлдызды күн» 21 қарашадан басталып, 15 желтоқсанға дейін жалғасты. Бұл шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларын қамтыды. Мәселен, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 кәсіпорын» деген ұранмен 25 кәсіпорын ашылды. Солардың бәрін атамай-ақ, бірқатарына тоқталып өтсем, Сарқан ауданында қуаттылығы 17 МВт Лепсі СЭС-і іске қосылды. Қарасай ауданында «Алматы шыны» ЖШС-ның шыны ыдысын шығаратын зауыты, «ХоландГринТек» ЖШС-ның жылыжайларға арналған металл құрылымдарын шығаратын зауыты, Талғар ауданында пластик өнімдерін шығаратын және «Артпрайм Қазақстан» ЖШС резина плиткаларын шығаратын зауыттары пайдалануға берілді. Бір күнде облыстың түкпір-түкпірінде 25 балабақша аштық. Яғни 30 қараша күні жалпы 2385 орынды жаңа балабақшалар Іле, Қаратал, Жамбыл, Панфилов, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында іске қосылды. Ашылған кәсіпорындар мен пайдалануға берілген балабақшалар бірінші кезекте жаңа жұмыс орындарымен тұрғындарды қамтамасыз етпек. Талдықорған қаласында 40 пәтерлі коммуналдық үй пайдалануға берілді. Аудандарда да осындай игі істер атқарылды. Сонымен қатар түрлі қайырымдылық шаралары, әлеуметтік маңызды нысандарды пайдалануға беру, спорттық жарыстар, кітаптардың тұсаукесерлері және басқа да шаралар өткізілді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы жан-жақты, кеңінен атап өтілуде.