Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың қатысуымен өтетін «Тәуелсіздік жемісі: Алматы облысының жетістіктері» тақырыбындағы интернет-конференция
Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың қатысуымен өтетін Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы облысының барлық салалары бойынша жеткен жетістіктері бойынша интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 21.12.2016, 09:00
- 21.12.2016, 18:00
- Алматы облысының әкімшілігі
Казбанбетова Айжан 21.12.2016, 17:18, Сұрақ нөмірі: 6931
25жылда ауыл шаруашылығында қандай жетістіктерге қол жеткізілді? Қант қызылшасын өндіруді қалай жаңғыртып жатырсыздар?Осы салада тағы қандай жаңашылдықтарды қолға аласыздар?
Алматы облысы 21.December.2016, 17:24
Біздің облысымыз - агроиндустриалды аймақ. Бізде республикадағы жалпы өнімнің 16 % өндіріледі. Еліміз бойынша соя, жемдік жүгері, көкөніс, картоп, май, жұмыртқа, ет, жүн өндіруде – бірінші, жүзім мен қант қызылшасын өсіруде – екінші орындамыз. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3 млн. теңгеден 470 млрд. теңгеге дейін өсті. Облыс қант қызылшасын өсіруші негізгі аймақ саналады. 1991 жылдан бастап қызылша алқаптарының көлемі 26,5 мың гектардан 2014 жылы 1,2 мың гектарға дейін азайды. Осы дақылды қайта жаңғырту үшін отандық инвестор тарту арқылы Көксу қант зауытын іске қостық. «Жетісу» ӘКК қатысуымен 14 сервистік-дайындау орталығы ашылып, оларға 323 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары лизингіге беріліп, тұқымдық материалдармен қамтамасыз етілді. Бұл өз кезегінде 466 шаруашылық пен 9,6 мың ауыл тұрғынын тарта отырып, тұқым себуден өңдеуге дейінгі кластерлік жүйені қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қант қызылшасы алқабын ұлғайтуға ынталандыру мен Көксу қант зауытын жүктемемен қамтамасыз ету үшін қосымша субсидиялар енгіздік. Қант қызылшасының бір келісін сатып алу құны 6-дан 17 теңгеге дейін өсірілді. Осының есебінен өткен жылы зауыт иесі кәсіпорынның жөндеу жұмыстарына 500 млн. теңге салса, биылғы жылы 1 млрд. теңгеге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде Ақсу қант зауытын қалпына келтіру, Қарабұлақ қант зауытын жаңғыртудан өткізу жұмыстарын атқара бастадық. Алдағы уақытта Алакөл қант зауытында іске қосу жоспарда бар. Биылғы жылы 242,8 мың тонна қант қызылшасын жинап, 24 мың тонна қант аламыз деп межелеп отырмыз. Бұл облыста қанттың импортын 21 %-ке азайтуға мүмкіндік береді. Ал 2020 жылға қарай қант өндірісін 25 мың тоннаға, алқабын 14 мың гектарға жеткізетін боламыз.