Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

«Тәуелсіздік жылдарындағы сыр елінің даму көрсеткіштері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 23.12.2016
  • 23.12.2016, 19:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Косаева Райхан 23.12.2016, 17:27, Сұрақ нөмірі: 6935

  • 0

Қырымбек Елеуұлы! Сіз Ресей Федерациясының іргелі оқу орындарымен меморандумға отырып, Сыр өңірінің түлектерін өңірге қажетті мамандықтар бойынша білім алуына жағдай жасап, оқытудасыз. Бүгінгі күні Ресей мемлекетінің оқу орындарында қанша түлектер білім алуда?

Қызылорда облысы 23.December.2016, 17:33

Құрметті Райхан! Бүгінгі күні өңірімізде өндірістік орындардың ашылуы басты назарда болып, іске асыру көзделуде. Осыған сәйкес өз кезегінде қажетті мамандар оқыту негізгі мақсат болды. Соңғы үш жылда біз мектеп бітіруші түлектерімізді Ресейдің және өзіміздің ең үздік деген жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға жіберіп жатырмыз. Бүгінгі күні 390 түлегіміз, оның ішінде биыл оқуға түскен 110 оқушымыз РФ тарапынан бөлінген білім гранттары есебінен Ресейдің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондай-ақ облыс әкімінің негізінен ауылдық әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасылардың балаларына арналған 365 грантын беруді де жалғастырып отырмыз. Ал осы жылы осы гранттарды аз қаматамасыз етілген отбасыларынан шыққан тағы 135 бала иеленді. (барлығы 500 бала) «Серпін» бағдарламасы бойынша жыл сайын оқу гранттарын жеңіп алған балаларымыз республика бойынша үздік нәтижелер көрсетуде. Осылайша биылғы мектеп бітіруші түлектердің 95% -ы жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түсті. Оның үстіне олардың жартысы жоғары оқу орындарында оқу гранты негізінде білім алуда.