Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

«Тәуелсіздік жылдарындағы сыр елінің даму көрсеткіштері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 23.12.2016
  • 23.12.2016, 19:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Ерманова Шырынкул 23.12.2016, 17:40, Сұрақ нөмірі: 6936

  • 0

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының ауытқуы бұл сала айналасында тіршілік жасап жатқан өңірлерге оңай тимейтіні анық. Мұнайлы өлкенің бірі ретінде Сыр өңірі бұл тығырықтан шығудың көзін қалай табуға болады?

Қызылорда облысы 23.December.2016, 17:47

Құрметті Шырынкүл! Оның жалғыз жолы - экономиканы әртараптандыру, бұл өңдеуші өнеркәсіпті дамыту. Аталған бағыттағы жұмыстарды біз 2013 жылдан бастап, оның жүзеге асыру жолдарын сол жылы қабылданған «2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясында» нақты айқындадық. Әрине, аз уақыт ішінде өңір экономикасының басым бөлігін алып отырған тау-кен саласындағы төмендеген қарқынды толтыру мүмкін емес. Дегенмен, айтарлықтай жұмыстар облыста жасалуда. Айта кету керек, облыс экономикасын әртараптандыру Стратегиясы өңдеуші өнеркәсіптің дамуын, ең алдымен металлургияны, құрылыс материалдарын шығаруды және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды көздейді. Осылайша облыста шағын болса да бірқатар өндірістер бой көтере бастады. Олардың ішінде құрама жем шығаратын, күріш өңдейтін, керамикалық кірпіш шығаратын зауыттар, және үй құрылысы комбинаты бар. Жаңақорған және Шиелі ауданында құрылыс цементін шығаратын заманауи зауыттардың құрылысы жүруде. Қазақстан бойынша аналогы жоқ өндіріс саналатын – Қызылорда қаласында шыны зауытының құрылысы жалғасуда. Әлемдегі ірі кен орындарының бірі саналатын «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеруді бастадық. Мемлекеттің қолдауымен тағы бір ірі кен орны «Шалқия» қорғасын- мырыш кеніші қайта жандандырудамыз. «Арал тұз» кәсіпорны тұз өндірудің испандық технологиясын ендіріп, өз өнімін 57 пайызын шет елге экспорттауда. Бүгінде компания химия өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылатын кальцилендірілген ұнтақ зауыты құрылысын салу жұмыстарын жүргізуде. Осылайша облыс бүгінде өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің қарқыны бойынша лидер позициясына шықты.