Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

«Тәуелсіздік жылдарындағы сыр елінің даму көрсеткіштері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 23.12.2016
  • 23.12.2016, 19:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

"Мағжан И К" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 23.12.2016, 17:46, Сұрақ нөмірі: 6938

  • 0

Қызылорда облысының брендіне айналған "Ақмаржан" сортынан кейін бәсекеге қабілетті отандық күріш сорттары шықты ма ? Сыр дихандары соңғы жылдары неге шетелдік сорттарды көп егіп кетті?

Қызылорда облысы 23.December.2016, 17:57

1987 жылдан бастап осы күнге дейін «Ақмаржан» сорты облысымыздың мақтанышы болып келеді. Мамандардың есептеуінше «Ақмаржан» сорты осы кезге дейін 1,0 млн гектардан астам жерге егіліп, аймақ экономикасының өркендеп өсуіне айрықша әсерін тигізді. Бұл сортты әлі де егіп жатырмыз. Дегенмен, қазіргі заман талабы – жоғарғы өнімділікті, бәсекеге қабілетті сорт түрлерін пайдалануды, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды қажет етеді. Соған сәйкес, инновациялық жобаларды қолдау шеңберінде "Ы.Жахаев атындағы қазақ күріш ҒЗИ" ғалымдары шығарған отандық КазЕр-6, КазНИИР-5 сорттары өндіріске енгізілді. Келесі жылы өндіріске институт ғалымдары күріштің «Айсәуле» сортын ұсынып отыр. Демек, отандық сорттардың үлес салмағы алдағы уақытта көбейе түседі деген сенім бар. Шетелдік сорттардың өндірісімізге келуі де түсінікті жағдай. Біз Кедендік Одақ, Бүкіл әлемдік интеграция жағдайында өмір сүріп отырмыз. Сондықтан, шетелдік сорттардың, жаңа технологиялардың, шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларының өндірісімізге енуі заңды құбылыс. Қайта бұл жағдай бәсекелестікті күшейтіп, қарқынды жұмыс жасауға итермелейді. Казіргі таңда, Иран мемлекеті біздің облысымыздың күрішіне қызуғышылық танытып, өздерінің сорттарын аймағымызда өндіруге сұраныс беріп отыр. Осы ретте, биылғы жылы күріштің ирандық сорттарын Қармақшы ауданының «Ақтөбе және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тәжірибелік сынақтан өтіп, Иран еліне зерттеу үшін жіберілді.