Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

«Тәуелсіздік жылдарындағы сыр елінің даму көрсеткіштері» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 23.12.2016
  • 23.12.2016, 19:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Садыков Галымжан 23.12.2016, 18:14, Сұрақ нөмірі: 6939

  • 0

Сұрақ: Өзіңізге белгілі, Шиелі ауданындағы Қаратау жотасында Сауысқандық петроглифтері бар. Алайда бүгінгі күні бұл аумақта өндіріс орны жұмыстар жасауда. Аталған жұмыстар ескерткіштің сақталуына кері әсерін тигізуі мүмкін бе ?

Қызылорда облысы 23.December.2016, 18:22

Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені ерекше құнды мұраларымыздың бірі. Оны сақтап қалу бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылады. Бүгінгі күні ескерткіштің қорғау аймағының шекаралары белгіленіп, жергілікті жердің карта-схемасына енгізілді. Ал, аталған өндіріс орнына келетін болсақ, белгіленген қорғау аймағының шекарасынан тыс жерлерде, яғни, ескерткіштің сақталуына қатер төндірмейтін аумақта жұмыс жасауда. Сонымен бірге айта кету керек, Сауысқандық петроглифтерін әлемдік деңгейде насихаттау бағытында да тиісті шаралар жүргізіліп, ғылыми құжаттамалары мен менеджмент жоспарлары әзірленді.