Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 58
- Жауаптар: 42
- 17.04.2017, 14:45
- 17.04.2017, 20:00
- Шиян Ольга
Үсембаев Серікбай 17.04.2017, 13:20, Сұрақ нөмірі: 6966
Жол полициясы саласында сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою үшін бейнебақылау және фотоаппараттардың санын мейлінше көбейту қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін беру кезінде де сыбайлас жемқорлық бар сияқты. Себебі, қымбат автокөліктерде әдемі нөмірлер көп. Соны бір тексеріп себебін анықтау қажет.
Астана қаласы 17.April.2017, 18:31
Құрметті Серікбай Үсембаев! Агенттікпен 2016 жылдың қараша айында бірлескен бұйрық негізінде Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция және оның аумақтық бөлімшелер қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Видеотіркеулермен, мобильді терминалдармен, борттық компьютерлермен құрылымдардың тиісті техникалық қамтамасыз етілмеуінен, сондай-ақ жоғары сұранысқа ие автомобильдердің нөмірлерін сату кезінде сыбайлас жемқорлықтың орын алуына байланысты Сіз атап өткен проблема мәселелер талдау барысында сарапталып және тиісті ұсыныстар енгізілді. Сыртқы талдаудың қорытындысы бойынша ІІМ-не жол патрульдік қызметінің қызметкерлерін заманауи ақпараттық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау, сондай-ақ бақылау шараларын әзірлеумен жоғары сұранысқа ие нөмірлік белгілерді мемлекеттік тіркеу рәсімін регламенттеу ұсынылды. Мысалы, «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының шеңберінде жоғары сұранысқа ие «Әсем» нөмірлердің тізімін кеңейту мақсатында ІІМ-мен ұсыныстарды орындау шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беруге мемлекеттік баж мөлшерлемелерін үлкейту жөнінде Салық кодексінің 540-бабын толықтыру бойынша Парламент Мәжілісінің Заңнама және соттық-құқтық реформалар комитетімен бірлесіп жұмыстар өткізілуде. Сондай-ақ, жолда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мақсатында Агенттік, Ішкі істер министрлігі мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестікгімен бірлесіп «Жолдарда сыбайлас жемқорлықты жою бойынша он қадам» жобасы бекітілді. Құрметпен А. Шпекбаев