Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 58
  • Жауаптар: 42
  • 17.04.2017, 14:45
  • 17.04.2017, 20:00
  • Шиян Ольга

Дюсенов Алмас 17.04.2017, 13:26, Сұрақ нөмірі: 6967

  • 0

Мемлекеттік қызметке түсу кезінде тапсыратын тест талаптары қиын. Соған тапсыратын заңдардың санын азайтуды және сынақтан өте алмай қалған кезде қайтадан тапсыру мерзімін 2 айдан 1 айға азайтса жақсы болар еді. Сол бойынша өз ойыңызды айтсаңыз?

Астана қаласы 17.April.2017, 16:41

Құрметті Алмас! Мемлекеттік қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейі және оның халыққа сапалы қызмет көрсетуі тікелей байланысты. Осы себептен мемлекеттік қызметке үміткерлер ең басты заңдарды жеткілікті деңгейде білуі тиіс. Мемлекеттік қызметке түсу барысындағы тестілеуде ең басты 10 заңнама қарастырлылған (Конституция, ҚР Президенті туралы, ҚР Үкіметі туралы, ҚР мемлекеттік қызметі туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Әкімшілік рәсімдер туралы, Құықтық актілер туралы, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы). Сонымен қатар, бүгінгі таңда тестілеуден өте алмай қалған азаматтардың тестті қайта тапсыру мерзімін қысқарту мәселесі Агенттікпен қаралу үстінде. Құрметпен, А.Шпекбаев