Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 58
  • Жауаптар: 42
  • 17.04.2017, 14:45
  • 17.04.2017, 20:00
  • Шиян Ольга

Сариев Таған 17.04.2017, 13:36, Сұрақ нөмірі: 6970

  • 0

Қазіргі таңда, е-гов веб-порталы арқылы электронды қызмет түрлерін алу үшін, біз сияқты жастарға қиындық туғызбауы мүмкін. Алайда, біздің ата-әжелерімізге, аға-апаларымызға, яғни жасы үлкен адамдарға электронды қызмет түрлерін алу үшін е-гов веб-порталынан өтінім беру процедуралары тым күрделі болып келеді. Осыған байланысты, е-гов веб-порталы арқылы өтінімдерді беру процессін мейлінше оңайлату қажет деп есептеймін.

Астана қаласы 17.April.2017, 16:48

Құрметті, Таған! Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуына және азаматтардың жеке деректерін қорғау мақсатында «электрондық үкімет» веб-порталынның мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тұрақты түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты, Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен веб-портал арқылы алынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртіптері азаматтарға мейліңше оңай түрде көрсетілуге бағытталған, сонымен қатар, порталға тіркелу, порталда қызметтер алу туралы үйрету видеолары да бар. Сонымен бірге, веб-порталда мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы сервистер қолданылады (әріп түрін, түсін өзгерту мүмкіндіктері бар). Бүгінгі таңда порталға тіркелу және порталда жұмыс істеу үшін керек электрондық цифрлік қолтаңбаны алып тастап, орнына бір реттік пароль арқылы аутентификация жасау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі кезде 30-дан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бір реттік пароль арқылы алуға болады, мысалға айтсақ сотталмағандығы туралы ақпарат. Құрметпен, А.Шпекбаев