Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 58
- Жауаптар: 42
- 17.04.2017, 14:45
- 17.04.2017, 20:00
- Шиян Ольга
Мамаш Едіге 17.04.2017, 13:51, Сұрақ нөмірі: 6971
Мен бұрын темекі тартуға болмайтын жерде темекі тартқаным үшін әкімшілік жазаға тартылып, маған сотпен айыппұл салынды. Мен айыппұлды төледім. Енді мен мемлекеттік қызметке соның ішінде құқық қорғау органына қызметке тұруға осы жағдай кедергі болмайды ма?
Астана қаласы 17.April.2017, 16:05
Құрметті, Едіге! Мемлекеттік қызметке қабылдауға шектеулер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабымен қарастырылған. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтардан басқа әкімшілік жауапкершілікке тартылу мемлекеттік қызметке кіру үшін кедергі болып табылмайды.