Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 58
- Жауаптар: 42
- 17.04.2017, 14:45
- 17.04.2017, 20:00
- Шиян Ольга
Маханбетов Тұрар 17.04.2017, 13:56, Сұрақ нөмірі: 6972
Мемлекеттік қызметшілердің жалақылары аз. Бірақ қымбат автокөліктер мінеді, қымбат үйлерде тұрады. Әкімшілік, сот, құқыр қорғау органдары жанында жұмыс жасайтын адамдардың автокөліктері өте қымбат тұрады. Мұны халық көріп отыр. Осыған қандай шаралар алуға болады?
Астана қаласы 17.April.2017, 17:23
Құрметті, Тұрар! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабының 7-тармағына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуы мемлекеттік қызметке кірудің міндетті шарты болып табылады. Жалпы 2016 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 1129 мемлекеттік қызметші, оның ішінде республикалық деңгейдегі 18, облыстық – 59, қалалық және аудандық деңгейдегі - 134 басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мысалы, қазіргі уақытта бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қ. Бішімбаев, Инвестициялар және даму министрілігін Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Б. Нұрабаев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы С. Хасенов қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілердің шығыстары оның жалақысына сәйкес келмеген жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (бұдан әрі – Ұлттық бюро) жазбаша түрде (Астана қаласы, Сейфуллина көшесі, 37 үй мекен жайы бойынша) хабарлауға болады. Ол ақпарат тексеріліп, тиісті шаралар қабылданады. Өз кезегінде, Сіздің өтінішіңіз жұмыста ескеру үшін Ұлттық бюроға жолданатын болады. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынатын болады. Аталған декларацияда есепті күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мүлікті сатып алған жағдайда, осы баптың 3-тармағында аталған адамдар кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген мүлікті сатып алуға жұмсалған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетілетін болады. Қазіргі таңда, Сыбайласжемқорлыққақарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарын орындау барысында заңсыз баю үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. Құрметпен, А. Шпекбаев