Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 58
  • Жауаптар: 42
  • 17.04.2017, 14:45
  • 17.04.2017, 20:00
  • Шиян Ольга

Мамыт Айгүл 17.04.2017, 15:25, Сұрақ нөмірі: 6978

  • 0

Сіздер сыбайлас жемқорық тәуекелдеріне қатысты талдау жүргізесіздер. - Білім саласында сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары. Агенттікпен осы салада талдау жүргізілді ме? - Білім саласында қандай құқық бұзушылық көп кездеседі?

Астана қаласы 17.April.2017, 18:20

Құрметті Айгүл Мамыт! - Сыбайлас жемқорлық білім саласының жүйелі проблемалардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тұрақты және жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту мен жою мақсатында ынтымақтастық бойынша жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес білім саласындасыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірлескен талдау жүргізілетін болады және оларды жою бойынша тиісті ұсынымдар әзірленеді. - 2016 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызмет атқару салаларының ішінде білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейі ең жоғары болып келеді. 2015 жылмен салыстырғанда бұл салада сыбайлас жемқорлық қылмыстарүшін жазаға тартылғандардың саны 59-дан 82-ге дейін 39 %-ға өсті. Білім саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының негізгі түрлеріне мемлекеттік сатып алу саласы және бюджет қаражаттарын жұмсауға байланысты қылмыстар жатқызылады.Қылмыс жасаудың таралуына лауазымды тұлғалардың кеңейтілген қаржылық-шаруашылық және өкімдік құзыреттер әрекет етеді. Аталағанды ескере отырып, білім беру саласы Экономикалық ыңтымақтастық және даму ұйымымен (бұдан әрі - ЭЫДҰ) терең зерттеу жүргізу үшін ұсынылды. Қазіргі таңда, ЭЫДҰ сарапшылары Білім және ғылым министрлігінің және білім беру ұйымдарының өкілдерімен сауалнама жүргізіп, қорытынды есеп дайындауда. Құрметпен А. Шпекбаев