Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 58
- Жауаптар: 42
- 17.04.2017, 14:45
- 17.04.2017, 20:00
- Шиян Ольга
Каленова Мая 17.04.2017, 15:33, Сұрақ нөмірі: 6982
Былтырғы жылы, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексін басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды іске асыру мақсатында, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (қыз-келіншектер) арасында бірнеше рет сауалнама, түсінік жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірыңғай киім үлгісі, яғни форма енгізілді.
Ақ көйлек, қара түсті юбкамен жиде және «Басты міндет-халыққа қызмет» жазуы бар значок.
Шамамен 1-формаға 10 000 т.үстінде қаражат шықты.
Алда жаз мезгілі келе жатыр, тағы маусымдық форма тіктіру керек.
Осы орайда, Сіздің назарыңызға төмендегідей ұсынысты енгіземіз.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер(қыз келіншектерге) арналған бірыңғай киім үлгісі енгізіліп, бюджеттің есебінен Отандық жеңіл өнеркәсіпті қолдау мақсатында, бірыңғай форма мемлекеттік сатып алу Заңы негізінде бір жеңімпаз арқылы тіктірілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Қолдауыңыз сұралады!
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері.