Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 58
  • Жауаптар: 42
  • 17.04.2017, 14:45
  • 17.04.2017, 20:00
  • Шиян Ольга

Омарова Жанат 17.04.2017, 15:40, Сұрақ нөмірі: 6986

  • 0

Қазіргі таңда жалпы мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлық деңгейі азайғаны байқалады, ал мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға қандай өзгерістер күтілуде?

Астана қаласы 17.April.2017, 17:32

Құрметті Жанат Омаров! Ағымдағы жылы Агенттікпен алғаш рет Мемлекет басшысының атына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама енгізілді, ол а.ж. 6 сәуірде бекітілді. Ұлттық баяндамада келесі ұсынымдар орын тапты: - квазимемлекеттік сектордағы сатып алуды реттейтін «Сатып алулар туралы» Заңды әзірлеу және бекіту; - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тауарларды сатып алуға нормаларды тарата отырып «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға өзгерістер енгізу; - сатып алулар саласындағы және бақылау-қадағалау органдарындағы мамандарды олармен сатылмаушылық туралы арнайы келісім шарттарға келе отырып ұдай міндетті ротацияны орнату. Осылайша, мемлекеттік сатып алулар саласында ашықтық, әлеуетті өнім берушілердің тең мүмкіншіліктері, сыбайлас жемқорлық деңгейі азайтылатын болады. Сонымен қатар, соңғы 2 жыл ішінде Агенттікпен сатып алулар саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша 7,3млрд.тенге көлемінде қаражат үнемделгенін атап өткен қажет. Қазіргі таңда Агенттікпен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ыңтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша жол картасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен жүргізілетін сатып алулар мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде. Сондай-ақ, Агенттік пен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігімен бекітілген Бірлескен іс-шаралар жоспарымен мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен сатып алынатын тауарлардың және қызмет көрсетулердің бағасын көтеруге қоғамдық мониторинг жүргізу көзделген. Аталған жұмыс нәтижелері бойынша Қаржы министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсынымдар енгізілетін болады. Құрметпен, А. Шпекбаев.