Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 58
- Жауаптар: 42
- 17.04.2017, 14:45
- 17.04.2017, 20:00
- Шиян Ольга
Батталов Шабдан 17.04.2017, 15:56, Сұрақ нөмірі: 6996
Мен, Ілияс Ербол. Өзім тұратын ауданнан Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін, маған облыс орталығындағы Ішкі істер департаментінің Көші-қон басқармасына барып құжаттар өткізу қажеттілігін, аудандық көші-қон бөлімдері арқылы алуға мүмкіндік жоқ екендігін айтты. Аталған қызметті аудандық деңгейдегі көші-қон бөлімдерінен алуға мүмкіндік жасауларыңызды сұраймын?
Астана қаласы 17.April.2017, 18:38
Құрметті ІлиясЕрбол! Қазіргі уақытта Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі көзделмеген. Сонымен бірге, «Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бар және осы қызметтің регламентіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясы бөліністері көрсетеді. Егер «Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттаманы беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі шеңберінде Сіздің құқықтарыңыз бұзылса, құқықбұзушылықтың мән-жайын көрсете отырып, Агенттікке жүгінуге болатынын атап өтеміз. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының шекара маңындағы аумақтарды дамыту тапсырмасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Аталған жобаға сәйкес әрбір шекара маңындағы ауданға көші-қон полициясы қызметкерлерін беру мәселесін қарау көзделген. Құрметпен, А. Шпекбаев.