Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 58
  • Жауаптар: 42
  • 17.04.2017, 14:45
  • 17.04.2017, 20:00
  • Шиян Ольга

Мамыт Айгүл 17.04.2017, 15:58, Сұрақ нөмірі: 6997

  • 0

Саламатсыздарма! Менің білгім келетіні газетке бұрынғы әкімнің бітірмеген шаруалары туралы мақала шықты. Қазіргі әкім бұрынғы әкімнің іс-әрекетіне жауапты болады ма? және екінші сұрағым мемлекеттік қызметші қоғамдық орында, мысалы тойда спирттік ішімдік ішіп отыр. Осы іс-әрекеті, яғни қолына стакан ұстап, тост сөйлеп тұрғаны Әдеп кодексін бұзуға жатады ма?

Астана қаласы 17.April.2017, 18:14

Құрметті Айгүл Мамыт! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 43-бабының1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады. Бұл ретте,мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы. Осыған орай, бұрынғы әкімнің іс-әрекеттеріне қазіргі әкім жауапты болып табылмайды. Әдеп кодексінің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс. Осыған орай, мемлекеттік қызметшілермен салтанатты іс-шараларға қатысу кезінде жоғарыда аталған мінез-құлық нормаларын ұстанылуы қажет. Құрметпен, А. Шпекбаев