Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 58
- Жауаптар: 42
- 17.04.2017, 14:45
- 17.04.2017, 20:00
- Шиян Ольга
Исмағұлов Ақжол 17.04.2017, 15:59, Сұрақ нөмірі: 6998
Сәлеметсіздерме, Мен университет бітірдім мамандығым радиотехника электроника және телекоммуникациялар, Мен мен мемлекеттік қызметте жұмыс істегім келеді, Мен ол ушін әкімшілік мемлекеттік кызметкерлері тапсыратын тесттин 2ші жане 3ші программасын тапсырдым өттім сертификат алдым сосын құқық қорғау органдарына кіруге арналған тест тапсырдым 2ші және 3ші программасы бойынша,оданда өттим жалпы қолымда 4 сертификат бар. Енді мемлкеттік қызметке кірейін десем барлық жерге дипломым сайкес келмейді ол қалай дейін десем акпараттық жүйелер, ақпараттық басқару деген секілді мамандықтар бар жалпы менің мамандығыма ұқсас, сол мамандықтар келеді ал менікі жоқ. Маған тек казактелеком деген сияқты жерге истеуге болады. Бирақ ол жерлер жұмысқа алмайды орын жоқ дейді тәжірибе сұрайды тағы сол сияқты, Маған қандай көмектеріңіз болады? Не истесем болады? Маған тек екі тесттіңде 1 программасын тапсыру қалды
Исмағұлов Ақжол 17.04.2017, 23:53
Рахмет коп коп конил болип караганынызга мын алгыс.
Астана қаласы 17.April.2017, 17:42
Құрметті Ақжол! Индустрия жəне сауда министрлігі Техникалық реттеу жəне метрология комитетінің бұйрығымен бекітілген Мамандықтар жіктеуішіне сәйкес «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»мамандығы «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтартобынажатады. Осыған байланысты Сіз мемлекеттік органдарда «Техникалық ғылымдар және технологиялар» саласындағы білімді талап ететін лауазымдарға үміткер болуға құқығыңыз бар. Мамандықтар бойынша мәлімет Агенттіктің сайтында жарияланатын мемлекеттік органдардың конкурстары туралы хабарламаларда көрсетіледі (www.kyzmet.gov.kz). Бүгнгі таңда Сіз өзіңіздің мамандығыңызбен Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің бас сарапшысы және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Талдау және статистика басқармасының сарапшысы лауазымдарына жариялған конкурстарға қатыса аласыз. Аталған конкурстар ағымдағы жылдың 13 және 14 сәуірінде Агенттіктің сайтындажарияланған. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар жеті жұмыс күн ішінде қабылданатын қосымша хабарлаймыз. Құрметпен, А. Шпекбаев