Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 58
- Жауаптар: 42
- 17.04.2017, 14:45
- 17.04.2017, 20:00
- Шиян Ольга
Ерболат Қазыбек 17.04.2017, 16:58, Сұрақ нөмірі: 7016
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға болатындығы жайлы көп айтылады. Алайда, үйде немесе жұмыс орнында отырып электронды түрде қызметті алу үшін электронды цифрлық қолтаңба сұратылады. Ал оны алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Бұл өз кезегінде адамдарды тағы да сандалту болып отыр. Осы жағдайда, мемлекеттік қызметті электронды цифрлық қолтаңба арқылы емес, әр адамның өзінің ЖСН арқылы алуға мүмкіндіктері бар ма?
Астана қаласы 17.April.2017, 17:40
Құрметті Ерболат! Мемлекеттік органдармен 2016 жылы 140 млн. астам мемлекеттік қызметтер, олардың ішінде электрондық түрде 50,4 млн. қызметкөрсетілген. Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу азаматтардың жеке ақпараттарын қамтуына байланысты Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына баруды талап етеді. Сонымен қатар, электрондық мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мақсатында, уәкілетті мемлекеттік органмен «электрондық үкімет» порталын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, болашақта азаматтар портал арқылы көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызметтерді ұялы сымтетіктерге келіп түсетін хабарламаларға сәйкес авторизацияланған кейін оларды алуға мүмкіндік алады. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен оларды көрсету процедураларын арттыруға қосқан үлесіңізге алғыс білдіремін. Құрметпен, А. Шпекбаев.