Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 16
- 02.06.2017, 16:00
- 02.06.2017, 21:25
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Исмагулов Насимулла 01.06.2017, 17:34, Сұрақ нөмірі: 7060
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Заңының ( бұдан әрі-Заң) 37-бап 3-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметшіге оның мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде мемлекеттік лауазымға ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша орналасуына жол берiлмейдi делінген.Бұдан шығатын қорытынды лауазымдық міндеттерін дұрыс атқармай, әдеп кодексін бұзғаны үшін берілген тәртіптік жаза Заңның 44-бабына сәйкес теріс қылық болып табылмайтындықтан, мемлекеттік қызметшінің қызметте жоғарылауына кедергі жоқ. Қазір аталған тармаққа сілтеме жасап,әдеп кодексін бұзып, тәртіптік жазасы болса да, қызметте жоғарылап жатқан жағдайлар кездесуде. Осындай фактілерді болдырмау үшін 44-бапқа әдеп кодексін бұзу да теріс қылық болып табылады деп толықтыру енгізу керек секілді немесе 37-бапты нақты жазу керек. Жоғарылайтын мемлекеттік қызметші мүлдем жазасы жоқ таза болу керек деп ойлаймын. Қазіргі Заңда өрескел қателік жіберілген. Бұл қателік сыбайлас жемқорлыққа апаратын жолдардың негізгісі деп ойламайсыз ба?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.June.2017, 20:30
Сәлеметсіз! Құрметті Исмагулов Насимулла, қойған сауалыңыз үшiн рахмет! Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін жоғарлату сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға тиімді шара болатынын ескере отырып, қызметтік әдеп талаптарын күшейту туралы ұсынысыңызбен келісеміз. 2016 жылы Әдеп жөніндегі кеңестерінің ұсыныстары бойынша 422 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 232 Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін болса, 190 мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін. Алайда, 2016 жылы Әдеп кодексін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғандардың арасында 62 фактіні мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар ретінде саралуға болады. Олардың ішінде, қоғам тарапынан орынды сынға жол беру, қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану, азаматтармен және әріптестермен дөрекі түрде сөйлесу, сондай-ақ автокөлікті мас күйінде жүргізу түріндегі құқық бұзушылықтар. Ағымдағы жылы Кеңестердің ұсыныстары бойынша 93 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 41 Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін болса, 52 мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұралы биылғы Ұлттық баяндамада жоғарыда аталған құқықбұзушылықтарды мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтардың қатарына енгізу бойынша ұсыныс жасалып, осы жұмыс Ел басымен жалпы қолданды. Құрметпен, А. Шпекбаев