Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 16
  • 02.06.2017, 16:00
  • 02.06.2017, 21:25
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Кенжегалиева Венера 02.06.2017, 08:59, Сұрақ нөмірі: 7061

  • 0

Қайырлы күн! Біздерге түсіндіру жұмыстары кезінде мемлекеттік қызметшілерге және оған теңестірілген тұлғаларға қызмет атқару кезінде сыйлық алуға тыйым салынған деп түсіндіруде. Сұрақ оқытушыларға және мұғалімдерге де қызмет атқару (жұмыс уақытында) кезінде сыйлық алуға тыйым салынған ба? Гүл сыйлыққа жата ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.June.2017, 19:31

Құрметті Кенжегалиева Венера! Қойған сауалыңыз үшiн рахмет! «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12-бабына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, аталған адамдар осы Заңның 13, 14 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы лауазымға қабылдаудан бас тартуға не лауазымнан шығаруға (лауазымнан босатуға) әкеп соғады, оларды сақтамау, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда, олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады. Сонымен бірге, Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығымен Педагогикалық әдеп қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді. Қағидалардың 6-тармағына сәйкес педагог қызметкер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады, сондай-ақҚазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді. Бұл ретте, педагог қызметкер білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады, сондай-ақ өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді. Өз кезегінде, Қағидалар ережелерін педагог қызметкерлердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады. Осылайша, педагог қызметкердің кәсіби қызметі сыйлықтар алуға тыйым салады, оларды қабылдау Қағидаларда көрсетілген педагогикалық әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларына қайшы келеді. Құрметпен, А. Шпекбаев