Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 16
- 02.06.2017, 16:00
- 02.06.2017, 21:25
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Мурынбаев Еламан 02.06.2017, 16:21, Сұрақ нөмірі: 7066
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды түрге толықтай көшірілсе.
Бұл жағдай мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға көп септігін тигізер еді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.June.2017, 19:55
Сәліметсіз бе, құрметті Еламан Мурынбаев! Шынымен де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрге толықтай көшіру тұрмыстық жемқорлықтың алдын-алуына оң септігін тигізері сөзсіз. Осыған орай, Агенттік өз тарапынан мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанға көшіру бойынша жұмыс атқарып жатыр. Атап айтсақ, Агенттіктің бастамалығымен тағы да 34 қызметті электрондық нысанға көшіру бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ұсыныс жолданды. Бүгінгі таңда Мемлекеттік қызметтер тізілімінің 443 немесе 61,3% қызметі электрондық нысанда көрсетіледі. Сонымен қатар, Агенттіктің ұсынымымен 20 электрондық мемлекеттік қызметтерді электрондық цифрлік қолтаңбасыз көрсетуге қол жеткізілді, сондай-ақ оларды Мемлекеттік корпорациясының өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы алуға болады. Біздің түпкілікті мақсатымыз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 80% электронды нысанда және 20% Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету болып табылатынын атап өтеміз. Бүгінгі интернет конференцияға қатысқанынызға рақмет айтамыз. Құрметпен, А. Шпекбаев