Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 16
- 02.06.2017, 16:00
- 02.06.2017, 21:25
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Жолдасбаева Люция 02.06.2017, 17:26, Сұрақ нөмірі: 7070
Саламатсызба! Менің қояр сұрағым жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсетуде мерзім бұзушылық анықталған жағдайда бөлім басшысына және жауапты маманына, сонымен қатар аппарат басшысына да тәртіптік шаралар қолданылып жатады. Осы дұрыспа? Әрбір бөлімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бөлім басшысы мен жауапты маманына шара қолданумен шектелсе. деп ойлаймын.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 02.June.2017, 19:19
Саламатсыз ба, Жолдасбаева Люция! «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Бұл ретте, тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен және заңға тәуелді актілермен белгіленген тәртіпте жүргізіледі. Орталық мемлекеттік органдарда көрсетілетін қызметтердің сапасына жауапты хатшылар, жергілікті атқарушы органдарда – тиісті әкім аппаратының басшысы жауапты. Осыған байланысты, заң бұзушылық анықталған жағдайда мән-жайларды зерделеу қорытындысы бойынша заңбұзушылық жасаған кінәлі қызметкерді, бақылауды тиісінше жүргізбегені үшін оның тікелей басшысын жауапкершікке тарту бойынша шешім қабылданады. Әкім аппараты басшысының жауапкершілігі аумақтық әкімшілік бірлікте жүйелі заң бұзушылықтар анықталғанда және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда қаралады. Сонымен қатар, мемлекеттік органда бұзушылықтар жүйелі түрде жіберілген кезде аталған органның бірінші басшысының жауапкершілігін қарау мәселесі оны тағайындау құқығы бар тұлғаға тиісті ұсыныстар енгізіледі. Мысалы, Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері 2016 жылы жалпы 1 586 тексерулер жүргізіліп, олардың қорытындылары бойынша 800 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды, тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдардың және оларға бағынысты мекемелерінің 874 лауазымды тұлғасы тартылды. Бүгінгі интернет конференцияға қатысқаныңызға рақмет айтамыз. Құрметпен, А.Шпекбаев