Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері
«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 21.06.2017, 10:00
- 21.06.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Қазиева Таңшолпан 21.06.2017, 10:05, Сұрақ нөмірі: 7080
Сәлеметсізбе Қырымбек Елеуұлы!
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруды тапысырды. Яғни, әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек деді. Осы бағытта қандай шаралар атқарылуда?
Қызылорда облысы 21.June.2017, 10:19
Сәлеметсізбе! Бұл жобаны іске асыру мақсатында ауқымды шаралар жоспарланып жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2017 жылдың сәуір айында Әзірбайжан Республикасында Қызылорда облысының мәдениет және өнер күндері өтті. Күндер аясында Баку, Шеки қалаларында облыс өнер шеберлерінің концерті мен Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының спектакльдері ұсынылды. Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық тізбесіне «Қорқыт Ата мұралары» номинациясын енгізу үшін Қызылорда және Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдері мен Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан елдерінің ұлттық сарапшыларының қатысуымен семинар-тренингтер өткізілді. Нәтижесінде «Қорқыт Ата мұралары» ұлттық өтінімі толығымен аяқталып, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне (Париж қ.) ұсынылды. өңіріміздегі жас таланттар Грузия, Италия, Испания және Ресейде өтіп жатқан өнер бәйгелеріне қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Алдағы уақытта облысымыздың мәдени жетістіктерін шет елдерге таныстыру, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрме аясында Қызылорда облысының өнер күндерін ұйымдастыру, қыркүйек айында түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалін өткізу жоспарланып отыр.