Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері
«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 17
- 21.06.2017, 10:00
- 21.06.2017, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Идрисов Турар 21.06.2017, 10:25, Сұрақ нөмірі: 7081
Соңғы жылдары облыста балық шаруашылығы саласы айтарлықтай дамып келе жақтаны белгілі.
Бүгінгі күні, өндірістің барлық саласы бойынша мемлекеттің ұстанымы экспорттық өнім көлемін арттыру екенін көріп отырмыз.
Осы бағытта балық шаруашылығы саласындағы жағдайға тоқталсаңыз?
Қызылорда облысы 21.June.2017, 10:44
Сұрағыңызға рахмет! Балық шаруашылығы өңірімізде маңызды орын алатын салалардың бірі. Облысымыз өзінің ақ күріші, төрт түлік малымен қатар Аралдың балығымен белгілі өңір. Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасының бірінші фазасының жүзеге асуы Қызылорда облысында балық шаруашылығының дамуына үлкен мүмкіндіктер берді. Айта кету керек, 2000 жылдардың басында облыс бойынша бар-жоғы 400 тонна камбала ауланса, осы жылы оның көлемі 8 мың тоннаға жетті. Балық аулау көлемінің артуы, өңдеуші кәсіпорындарды дамытуға жағдай жасады. Бүгінгі күні, облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын оншақты ірі, шағын балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Жоғарыдағы зауыттарда 500-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Өңдеуші кәсіпорындарды дамыту балық өнімдерін экспортқа шығарудың потенциалын арттыра түсті. Қазіргі таңда, облыс бойынша балық өңдейтін 3 зауыт шығарған өнімдерінің халықаралық стандартқа сәйкестігін растайтын "Еврокод" белгісін алған. Балық өнімдері негізінен Ресей Федерациясы мен Евроодақ елдеріне (Дания, Германия,Польша) экспортталуда. Мысалы, 2016 жылдың 1-ші тоқсанында 382,8 тонна болатын балық өнімдері Европа елдеріне экспортталса (Дания, Польша, Австрия, Грузия) ал, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында барлығы 523,5 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, оның ішінде Европа елдеріне 181,04 тонна (Дания, Польша, Әзірбайжан) және Ресей Федерациясына 342,5 тонна. Елбасының бастамасымен құрылған Еуразиялық экономикалық одақ кәсіпкерлерлерге көршілес мемлекеттермен кедергісіз экономикалық байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашты. Солардың бірі, Қазалы ауданында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер Ресей кәсіпкерлерімен бірлесіп Ульяновск облысында «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу зауытын салды. Зауытқа шикізат негізінен Арал теңізінен жеткізіледі. Облыстың балық шаруашылығы саласын одан дамытуға мүмкіндіктері жеткілікті деп санаймын.