Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері

«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 21.06.2017, 10:00
  • 21.06.2017, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Әкімжанов Ибрагим 21.06.2017, 10:52, Сұрақ нөмірі: 7083

  • 0

Қызылорда облысы қазағы қалың орналасқан, рухани мұрасы да ерекше сақталған жерлердің бірі. Сондай ұлттық мұраға бай өңірдің қазіргі жайы қалай?

Қызылорда облысы 21.06.2017

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ел аумағында қаншама тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар жаңғыртылған болса, соның ішінде ауданда да бұл жұмыстар жүйелі жүргізілді. Сырдария ауданындағы 48 ескерткіштің төртеуінің республикалық маңызы бар (Мүлкалан мазары ХҮІ ғ., Сырлытам кесенесі ХІІІ ғ. Асанас қалашығы ҮІІІ-ХІХғ.ғ, Қожан - қожа мазары ХҮІІІ ғ.аяғы). 2016 жылы жергілікті маңызы бар Айдарлы ауылдық округінде орналасқан Асанас қалашығы мен Қожан - қожа мазары Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Елбасы айтқандай, біз ұлттық кодымызды сақтап, замана сынына төтеп бере алған озық дәстүрлерімізді табысты жаңғырта отырып, өркениет көшіне ілесуіміз керек. Бұл ретте, Сыр өңірі тарихын тереңнен тартқан, қаймағы бұзылмаған ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді бүгінге жеткізіп, жаңғыртып, жас ұрпаққа насихаттап отырған бірден-бір өлке деуге негіз бар. Елбасы өз мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», - деді. Осы ретте, аудан өнерпаздарының өнері өз жерімізде ғана дамып қоймай Болгария, Түркия, Италия, Белоруссия, Түркіменстан, Украина мемлекеттерінде танылуда. «Сырдария кітапханасымен» 15-ке жуық жерлесіміздің кітаптары басылды.