Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері

«Жаңа экономикалық өрлеу – Қызылорда облысының мүмкіндіктері мен жетістіктері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 17
  • Жауаптар: 17
  • 21.06.2017, 10:00
  • 21.06.2017, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Ибраимов Нуржан 21.06.2017, 15:16, Сұрақ нөмірі: 7085

  • 0

Облыста жаңада кәсіп ашамын деген кәсіпкерлерге индустриялық аймақтан тиер пайда қандай? Ол жақтан жер телімін қалай алуға болады.

Қызылорда облысы 21.June.2017, 16:10

Қызылорда қаласы мен аудандарда индустриялық аймақ құру үшін қазіргі таңда өңірде жалпы көлемі 894,9 га құрайтын 8 индустриялық аймақ құрылған. Ондағы 6 индустриялық аймақ іске асырылып, онда жалпы құны 129,2 млрд.теңге құрайтын 38 жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, облыс әкімдіктері индустриялды аймақтарды дамыту бойынша Тұжырымдама әзірледі. Индустриялық аймақты тұрақты қолдану үшін «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ және бизнес өкілдерінің қатысуымен Басқарушы компания құрылды. Компания кірісінің негізгі көзі болып әкімшілік-шаруашылық, көлік-логистикалық, қызмет көрсету және жобаларды сүйемелдеу болып табылады. Осыған орай, біз инфрақұрылымдық объектілерді және индустриялық аймақтан жер телімдерін сенімді тиісті басқармаға өткіземіз, осыған сәйкес бюджетке салық төлеу және міндетті төлемдер сенімді басқарушы жүзеге асыратын болады. Жобаларды индустриялық аймақта іске асыру кәсіпорынға мүмкіндік береді: 1. Индустриялық аймақтың қатысушысы болуға ниетті жоба жетекшісі айтарлықтай өз қаражатын үнемдейді (жоба құнынан 40-50%); 2. Басқарушы копаниядан инфрақұрылымның барлық түрімен қамтамасыз етуге қызметтік қолдау алады; 3. Инвестициялық келісімшарт алу мүмкіндігіне және тиісінше салықтық артықшылықтар қолдау табу; 4. Мемлекеттік немесе жеке қосымша инвестиция іздеуге қолдау; 5. Индустриялық аймақтың жобалар тізіміне енуі арқылы жобаның қосымша жарнамалануы; 6. Сапалы эксперттік қолдау алу. Жаңа жобаны жүзеге асыру үшін өтінім беруге және инвестициялық жобалар тізіміне қосылуға инвесторлар мен кәсіпкерлерді шақырамыз.